Тапанша, граната, автомат: ҰҚК "қаңтар оқиғасы" кезінде ұрланған қарулардың бірқатарын тапты

Тапанша, граната, автомат: ҰҚК "қаңтар оқиғасы" кезінде ұрланған қарулардың бірқатарын тапты
Фото: ҰҚК

ҰҚК "қаңтар оқиғалары" кезінде ұрланған қаруға қатысты бірқатар шара жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нәтижесінде Қазақстанның 11 аймағында 268 бірлік қару, оның ішінде 38 "Калашников" автоматы, 126 мылтық, 104 тапанша, 21 граната, 4 жарылғыш құрылғы, түрлі калибрлі 30199 оқ-дәрілер, сонымен қатар, броньды кеудеше, қорғаныш дулығасы, қол-кісендер, автомат оқжатарлары, қалқандар мен радиостанциялар тәркіленді.    

Жедел қызметкерлер жасырылған қару мен оқ-дәрілердің негізгі бөлігін келесі жерлерден анықтады: Алматыда - 4, Байқоңырда - 1, Қостанайда - 1, Семейде - 1, Өскеменде - 1, Ақтөбеде - 1, Алматы облысында - 3, Жамбыл облысында - 4, Жетісу облысында - 2, Павлодар облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 3.  

Одан бөлек, Алматы қаласында қарудың заңсыз айналымымен ірі көлемде айналысып келген қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Заңсыз айналымдағы қаруды іздеу мен тәркілеу жалғасады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина