Алматы облысында қонақүйлердің бірінен өзбекстандық әйелдің денесі табылды

Алматы облысында қонақүйлердің бірінен өзбекстандық әйелдің денесі табылды

Алматы облысындағы Қарасау ауданындағы қонақүйлердің бірінде 26 жастағы өзбекстандық әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, 20 сәуірде сағат 14.25-те қайғылы оқиға туралы полицияға хабар түскен. 

"Қылмыстық құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі - "Адам өлтіру" бойынша Қарасай ауданының ЕҚДБ-да тіркелді. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша жүргізілген тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша 34 жастағы ер адам  ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы санкцияланды", - дейді облыстық ПД басшысы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов. 

Қылмыстық іс бойынша тергеу Департамент басшылығының бақылауына алынған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина