Венгриялық ару қазақ тілін үйреніп, қобыз тартуды меңгеру үшін Қазақстанға көшіп келген

Венгриялық Богларка Фехер Қазақстанға қазақ тілін үйреніп, қобыз тартуды меңгеру үшін келген. Бүгінде ол Түркістан қаласында тұрып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі OTYRAR сайтына сілтеме жасап. 

"Менің ұстазым - Ерасыл Қауымбаев. Сонымен қатар, ол маған домбыра тартуды үйретіп жүр. Мен елге көшіп келгенде домбыра тартуды үйреніп кетемін деп ойламадым. Бірақ үйреніп жүргеніме қуаныштымын", - дейді венгриялық ару. 

Ол қобызға 2014 жылдан бері қызыға бастаған, оған себеп - "Тұран" ансамблінің өнер көрсетуі болған екен. 

"Сол кезден бастап қазақ мәдениетіне ғашықпын. Өз елімде ансамбль құрамында болдым, маған қобыз сыйға берілген болатын. Бұл аспапты тез үйреніп кеттім", - дейді шетелдік қыз. 

Богларка Фехер қазақ тілін жақсы меңгерген, ағылшын, неміс, орыс және түрік тілдерін де жақсы меңгерген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!