"Орысша сөйлейді". Дипломат АҚШ-та үйреніп келген қазақшасын Астанада жетілдіре алмай жүр

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің мәдениет жөніндегі атташеcі Джон Орак қазақшаны қалай үйренгенін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дипломат қазақшаны АҚШ-та жүріп үйренген, қазір Астанада тұрады.

Алайда қалада көпшілігі орысша сөйлейтіндіктен, қазақшасын жетілдіруге тәжірибе жетпей жүр екен.

"АҚШ-та қазақ тілін оқыдым, бірақ қазір Астанада тұрамын. Астанада көп адам орысша сөйлейді, сондықтан қазақша практика жоқ. Бір жыл оқыдым. Америкада қазақ мұғалімінен үйрендім", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!