Жамбыл облысында жолды жапқан жүргізушілер тарады

Бүгін түсте Жамбыл облысы Байзақ ауданы аумағында автожолға ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері жиналып, қарама-қарсы бағытты толық жауып тастағаны туралы видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көлік жүргізушілерінің өзара қандай мәселеге қарсылықтарын білдіргені белгісіз.

Massaget.kz тілшісі желіде тараған видео бойынша Жамбыл облыстық полиция департаментіне хабарласып, мәселенің мән-жайын анықтауға тырысты.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекші-баспасөз Гүлсара Мұхтарқұлованың айтуынша, 25 сәуірде сағат 12.00-де Байзақ ауданы Қайнар ауылынан 2 шақырым жерде автожолға 20-ға жуық ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері жиналып, жол бойындағы жол жиегіне көлік құралдарын тоқтатып қойған.

"Полиция қызметкерлері жүргізушілермен түсіндірме әңгіме жүргізілді, содан кейін жиналғандар жолға шықты", - деді Гүлсара Мұхтарқұлова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!