Астана мен Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ескерту жасалды

Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, Алматыда және 26 сәуірге қараған түні Астанада ауа райы қолайсыз болады. 

Қолайсыз ауа райы  – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, екпіні аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз ауа райы кезінде істемеу керек:

  • ашық ауада, әсіресе магистральдардың немесе басқа ластаушы көздердің жанында өткізу уақытын қысқарту;
  • балалар мен жүкті әйелдер ұзақ уақыт серуендемеуі керек;
  • созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар, көшеде шыққанда өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек;
  • таза ауада физикалық белсенділікті шектеу қажет;
  • дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар жабық спорт кешендерінде өткізу керек.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!