Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Қызылордада ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Қызылордада ұсталды
Фото: polisia.kz

Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

24 сәуірде Қызылорда облысы Криминалды полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел–іздестіру жұмыстары барысында ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің "Адам өлтіру" күдікті қатарында танылып, тергеуден бой тасалап, 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда қаласының тұрғыны құрықталды.

2022 жылы күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Жедел уәкілдер күдіктіні қала аумағындағы жалдамалы пәтердің бірінде жасырынып жатқан жерінен ұстаған. Қазір ол Қызылорда қалалық ПБ УҰИ-ға қамаққа алынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина