Желіде Қайрат Нұртасты мойнынан құшақтап, бетінен сүйіп алған қыздың видеосы тарады

Желіде Қайрат Нұртасты мойнынан құшақтап, бетінен сүйіп алған қыздың видеосы тарады
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде сахнада ән айтып тұрған Қайрат Нұртастың мойнына асылған қыздың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлардан әнші тыңдармандарының бірін сахнаға шақырғаны көрінеді. Ал кейін сахнаға шыққан қыз өнер иесінің мойнынан құшақтап, бетінен сүйіп алады, сондай-ақ бірге суретке түседі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚАЗЫҒЫҢ ТҮЗУ БОЛСЫН?/ALMA-ATA (@qazyqtai)

Видеодағы қыз Томирис Ашимова есімді блогер екен. Томирис те видеоға пікір қалдырған.

"Ол менің ағам", - деп жазған ол.

Алайда Желі қолданушыларының бір бөлігі бұл көріністі сынаса, енді біреулер хайп болуы мүмкін екенін жазған.

"Киелі сахнаны сыйлаңыздар. Жастар болса да. Қыз бала сыпайлығымен қалу керек. Басқа жақта суретке түсу, қолтаңбасын алу. Мынадай ерсі қылық жасамаңыздар", "Қайраттың өзі шақырып тұр ғой, танысы болар. Хайп үшін ол да керек. Танымал кісілер солай етпесе, ол да болмайды. Заманның талабы солай ма, әлде заман-заман деп адамның азғындауы ма. Оны әркім өз ойынша түсініп алады. Не дейміз енді...", "Кішкентай қыз ғой, жаман ойы жоқ, Қайраттың өнеріне деген махаббат", - дейді пікір жазғандар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова