Биыл барлық қалада интернет жақсарады - Бағдат Мусин

Биыл барлық қалада интернет жақсарады - Бағдат Мусин
Фото: elements.envato.com

Бүгін Үкімет отырысында еліміздегі интернет сапасына қатысты мәселе талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, бүгінде Астанада интернет нашар тартатын тұрғын үй кешендері анықталған. Басқа қалаларда да осы бағыттағы жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр.

"Аймақтардағы жергілікті әкімдіктер бізге жер телімдерін ұсынып жатыр. Операторлар сол жерлерге желілерін орналастырып жатыр. Астанада 67 орын нақтыланған. Басқа қалаларда да осындай. Барлық қалада биыл интернет жақсарады", - дейді министр.

Оның айтуынша, биыл Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында 5G енгізу жоспарланған.

"2027 жылға қарай әрбір республикалық маңызы бар қала 75 пайызға, ал облыс орталықтары 60 пайызға қамтылады", - деді Бағдат Мусин.

Азамат Қойшығара

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек