"Бизнесмен болсын" дейтін көрінеді". Роза Әлқожа ұлына қатысты жайтты ашып айтты

"Бизнесмен болсын" дейтін көрінеді". Роза Әлқожа ұлына қатысты жайтты ашып айтты

Танымал әнші Роза Әлқожа бұған дейін қандай келін іздейтінін айтқан еді. Оның бұл мәлімдемесі ел арасында қызу талқыға түскен болатын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің сөзінше, негізі мүлде басқа нәрсе айтқысы келген. Жақында ұлы бір қызбен танысқан. Алайда қыздың әкесі қарсы болған.

"Мен негізі ұлыма да, қызыма да жар таңдауда асықпаңдар деп айтамын. Өйткені "үйлену оңай, үй болу қиын". Екеуара үйлесім болмаса, ол сенімен көзқарасы бір болмаса, неке түгіл, бизнесте одақ құру қиын. Жақында ұлымызды көрген бір әйел "қыз көріңдер" деген соң барып танысқанбыз. Содан қыз бен бала бір-бірін ұнатып, кездесіп жүрсе, әкесі тыйым салыпты. "Бизнесмен болсын" дейтін көрінеді. Біз өзі әннен басқаны білмейтін өнерлі әулетпіз ғой. Бара қойсын дедік. "Ұйқым келмейді" деген хабарға берген сұхбатты үзіп-жұлып беріп, мені сыртымнан тілдеп жатқандар көп екен. Мен бар болғаны "адамның басын емес, дүниесін қадірлейтіндер керек емес" дедім. Соны эфирде ашық айтпай-ақ қояйын деп, "мен кінәлі бола салайыншы" деп қалып едім", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Роза Әлқожа қандай келін іздейтінін, баласына қандай өсиет айтатынын жеткізген болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова