СҚО-да 15 жасқа дейінгі бірнеше бала Қазақстанда заңсыз жүрген

СҚО-да Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген, Қазақстанда заңсыз жүрген балалар анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

18 сәуірде СҚО полиция департаменті ҚР ҰҚК СҚО бойынша департаментімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл қаласында 7 пәтерді тексерген. Онда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар анықталды.

Балалардың ҚР аумағында заңды түрде болуын растайтын құжаттар болмады. Тұрғын үй-жай беру жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, сондай-ақ шетелдіктерге ҚР аумағына заңсыз кіру, шығу, ел аумағында жүріп-тұру үшін өзге де қызметтер көрсету белгілері болуына байланысты, бұл дерек 19 сәуірде ПБ ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабының 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, соталды тергеу басталды.

Қазір жедел-тергеу тобы құрылды, тергеу әрекеттері, анықталған тұлғалардан, оның ішінде кәмелетке толмағандардан да жауап алу жүргізіліп жатыр, қажет сараптамалар тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!