Жансая Әбдімәліктің күйеуі туралы не белгілі?

Жансая Әбдімәліктің күйеуі туралы не белгілі?
Фото: instagram.com/zhansaya_abdumalik

Кеше қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шыққанын мәлім еткен болатын. Шахматшының жары кім? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.

Жансая Әбдімәліктің күйеуі - Нұрахмет Нұриев - "Қазақмыс" басшысы. Ол бұл қызметке былтыр 1 желтоқсанда тағайындалған болатын. 


Фото:kazakhmys.kz

Нұрахмет Қанатұлы 1989 жылы туған. Ұлыбританияда білім алған, сонымен қатар Anglia Ruskin University іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие.

Ал Жансая 2000 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.  

Нұрахмет 2011 жылдан 2013 жылға дейін Hamble Group-та қаржылық талдаушы болып жұмыс істеген.

2013-2015 жылдары Павлодар және Атырау қалаларында мұнай өңдеу зауыттарының құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеген.

2015-2019 жылдары "Майкубен Вест" ЖШС және "Шұбаркөл Премиум" АҚ көмір өндіруші кәсіпорындарында қаржы директоры, бас директордың корпоративтік даму жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.

 

2019 жылдан 2020 жылға дейін "Интергаз Орталық Азия" АҚ Тараз УМГ филиалы директорының орынбасары, "ҚазТрансГаз" АҚ тарифтер және инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

"Қазақмыс" корпорациясындағы еңбек жолын 2020 жылы жобалау тобының басшысы қызметінен бастады. Сол жылдың қыркүйек айынан бастап "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС аутсорсинг жөніндегі директоры қызметін атқарды.

2021 жылдың маусымында "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС бас директоры болып тағайындалған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина