Оралда қоқыс жәшігінен пакетке оралған нәресте табылды

Оралда қоқыс жәшігінен пакетке оралған нәресте табылды

Оралда қоқыс жәшігінен пакетке оралған жаңа туған нәресте табылды. Бұл іс бойынша тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 2023 жылғы 24 сәуірде сағат 11:31 шамасында 102 операторына Надежда көшесіндегі 66-үйдің артындағы қоқыс жәшігінде целлофан пакетке оралған жаңа туған нәресте табылғаны туралы хабарлама түскен.

Оның ер бала екені анықталды, ол қалалық көпсалалы ауруханаға шұғыл түрде жатқызылған.

​Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан