Қазақстанда БАҚ-тағы медиаэтика жөнінде тұрақты комиссия құру ұсынылды

2023 жылғы 24 сәуірде Астанада өткен "Медиа-этика және балалар құқықтарын қорғау" дөңгелек үстел отырысының қатысушылары бірнеше ұсыныс әзірледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біз, 2023 жылғы 24 сәуірде Астана қаласында өткен "Медиа-этика және балалар құқықтарын қорғау" дөңгелек үстелінің қатысушылары, Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғаудың ерекше маңыздылығын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы мәселе бойынша берген тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының бала құқықтарын қорғауға бағытталған шараларды әзірлеудегі күш-жігерін жұмылдыру қажеттілігін ескере отырып, медиа кеңістікте жариялау контекстінде кәмелетке толмағандармен байланысты буллинг, кибербуллинг, суицид, зорлық-зомбылық жағдайларының көбеюіне қатысты жұртшылықтың алаңдаушылығын қаперге ала отырып, дөңгелек үстелге қатысушылардың ұсыныстарын талдап, төмендегі ұсынымдарды жасау туралы келістік:

1. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1989 жылғы 20 қарашадағы қарарымен қабылданған "Бала құқықтары туралы Конвенцияның" Ережелерін басшылыққа алу;
2. Мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық коммуникация құралдарының балалармен байланысты құқыққа қайшы жағдайларды жариялау контекстінде жұртшылықтың медиа-сауаттылығын арттыру жөніндегі күш-жігерін біріктіру;
3.1 "Қазақстан Республикасындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" Ұлттық баяндама шеңберінде БАҚ-тың балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алудағы ықпалы тақырыбында зерттеу жүргізуді көздеу;
3.2 балаларға қатысты зорлық зомбылықтың алдын алу тақырыбында семинар мен тренингтер ұйымдастыру;
3.3 журналистерге балаларға қатысты зорлық-зомбылық және суицид фактілерін жария ету бойынша халықаралық құжаттардың ережелерін және қалыптасқан тәжірибені ескере отырып нұсқаулық әзірлеу (балалардың жеке деректерін жария етуге тыйым салу, шамадан тыс егжей-тегжейді жарияламау және т.б.);
3.4 балаларға бағытталған және балалардың қатысуымен жасалған контент әзірлеу.
1. медиа-кеңістікте бала құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған гранттарды қарастыру;
1. телеарналарда өндірілетін сериалдық өнім шеңберінде Балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған тақырыптық желілерді көздеу;
2. бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы айдарлар, бөлімдер ашыла отырып, материалдар (мақалалар, сюжеттер, деректі фильмдер, бейнероликтер) санын ұлғайтуды қамтамасыз ету;
3. бұқаралық ақпарат құралдарындағы медиа-этика жөніндегі тұрақты комиссия құру.
Осы ұсынымдардың іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін".

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!