Алматыда ер адамдар автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасамақ болған

Алматыда жолдағы жанжал видеоға түсіп қалған. Куәгерлердің айтуынша, ашулы ер адамдар автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"№50 автобус жолаушыларының айтуынша, ашулы ер адамдар пышақ қолданып, микроавтобус жүргізушісінің өміріне қастандық жасамақ болған. Ол бұзақылар кеткенше, автобусты құлыптап тастаған", - делінген видеодағы жазбада.

Алматы Полиция департаменті өкілі бұл оқиға 21 сәуірде Райымбек даңғылында болғанын мәлімдеді.

"21 сәуірде сағат 19:30 шамасында 102-ге Райымбек даңғылы мен Төретай көшесі қиылысында туындаған автобус пен "Жигули" маркалы көлігі жүргізушілері арасындағы жанжал туралы хабарлама түсті. Патрульдік экипаж бұл оқиға жолды бөлісе алмаған ер адамдар арасында болғанын анықтады. Көлік жүргізушісі кім екені анықталды. Оны ұстау шаралары қабылданып жатыр", - делінген Алматы ПД баспасөз қызметі хабарламасында.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!