"Ақшаны үйіне алдыртқан". Шымкентте заңсыз сыйақы алған перзентхананың басшысы жазаға тартылды

"Ақшаны үйіне алдыртқан". Шымкентте заңсыз сыйақы алған перзентхананың басшысы жазаға тартылды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Шымкентте перзентхананың бас дәрігері мен орынбасары лауазымын пайдаланып, заңсыз ақшалай сыйақы алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, басшы құрам Конституция күні мерекесінде перинаталды орталықтағы 31 қызметкердің әрқайсысына 450 мың теңге ақшалай ынталандыру беруді ұйғарған. Олардың арасында бөлім меңгерушілері мен дәрігерлер бар. Басшылар сыйақыға берілген қаржының жартысын қайта жинап алған.

Бас дәрігер еңбек демалысында болғанына қарамастан, хатшысы арқылы ақшаны үйіне алдыртқан. Оның сыбайласы екеуі алаяқтықпен иемденген қаржы - 2 миллион 800 мың теңге. Оңай олжа тапқысы келген лауазым иелерінің кінәсі сотта дәлелденіп, әрқайсысы мемлекетке 3 миллион теңгеден аса қаржы төлеуге міндеттелді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек