Желіде картадан ақшаны қолма-қол шығарып алмаса қаражат жоғалып кететіні туралы хабар тарады

Желіде картадан ақшаны қолма-қол шығарып алмаса қаражат жоғалып кететіні туралы хабар тарады

WhatsApp мессенджерінде Kaspi.kz шоттарындағы барлық ақшаны шұғыл түрде алуға шақыратын аудио хабарлама тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алайда Stopfake.kz мәліметінше, бұл - жалған ақпарат. Желіде тараған жалған ақпаратқа сәйкес, алдағы уақытта проблемалар туындап, қаражат жоғалып кетуі мүмкін екен.

"Бұлай күлмегеніме көп болды. Бұл сандырақ, өтірік. Бұл хабарламаның авторына көктем әсер еткен болар. Біз клиенттерімізге сенімі мен осындай арандатушылықтарға деген иммунитеті үшін алғыс айтамыз. Ал хабарлама авторының сауығып кетуіне тілектеспіз", - деді Kaspi.kz өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина