Биыл 17 жоғары оқу орны жабылуы мүмкін

Биыл 17 жоғары оқу орны жабылуы мүмкін
Фото: elements.envato.com

Биыл 17 жоғары оқу орны жабылуы мүмкін. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

"Сапасыз білім беретін жеке жоғары оқу орындарының лицензиясын кері қайтару жұмысын жалғастырып жатырмыз. Бұл кезінде Асхат Аймағамбетов қолға алған бастама, жұмыс жүйелі болды. Осыған дейін 30-ға жуық әлсіз, сапасыз, дипломды бизнеске айналдырған жоғары оқу орындарының лицензиясы күшін жойды. Былтыр 15 ЖОО жабылса, биыл 17 жоғары оқу орны кезекте тұр. Яғни олар біздің тексеруімізде", - деді Саясат Нұрбек.

Ведомство басшысының айтуынша, ЖОО талапқа сай және сапалы жұмыс істеуін арнайы комиссия тексеріп, шешім шығарады.

"Бұл Президенттің тікелей тапсырмасы, сондықтан бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Біз жеке университеттерге білім сапасы, оқу бағдарламалары, оқытушылардың біліктілігі бойынша нақты көрсеткіштер беріп қойдық. Аталған талаптар орындалмаған жағдайда, біз ол оқу орнын жазалаймыз", - дейді министр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина