Әкімдік өкілі Талғарда наразылық туғызған мектеп дәретханасына қатысты пікір білдірді

Әкімдік өкілі Талғарда наразылық туғызған мектеп дәретханасына қатысты пікір білдірді
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматы облысы әкімдігі өкілі Талғардағы мектеп дәретханасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, қазір дәретханадағы барлық есік қалпына келтірілген. Ал әлеуметтік желілерде наразылық тудырған суреттер ұлдарға арналған дәретханадағы есіктерді ауыстыру кезінде түсірілген.

"Қазір дәретханадағы барлық есік қалпына келтірілді. Мектепте 28 дәретхана бар, оның 14-і қыздарға, 14-і ұлдарға арналған дәретхана", - деді әкімдік өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Талғар мектебіндегі дәретхана Желі қолданушыларының наразылығын туғызғаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова