"Ерекше жаңалығым бар". Бір жыл бойы газ тегін берілетін болды

"Ерекше жаңалығым бар". Бір жыл бойы газ тегін берілетін болды
Фото: pixabay

Түркия тұрғындары үшін ас үйде қолданылатын газ бір жыл бойы тегін болады. Мұндай ерекше жаңалықты Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Осыдан үш жыл бұрын Қара теңіз табанынан табылған табиғи газ қалаларға газ тарату кешеніне қосылған. Осыған орай ел билігі президенттік сайлау қарсаңында ерекше шешім қабылдап отыр. Қара теңізден табылған көгілдір отынның мол қоры Түркияны газ импортынан құтқарды. Бұған дейін табиғи газ бойынша Ресей мен Иранға тәуелді болып келген ел бірер жылда өздері Еуропа елдеріне газ сатуды жоспарлап отыр.

"85 миллион халқым үшін тағы бір ерекше жаңалығым бар. Бір ай бойы барлық Түркия аумағында тек ас үйде емес, ғимараттарды жылытуға қолданылған газ үшін де төлем алмаймыз. Бұл, әсіресе, әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындар үшін өте үлкен көмек болмақ. Қара теңізден алғашқы этапта күніне 10 миллион текше метр, алдағы жылдары күніне 40 миллион текше метр газ шығара бастаймыз", - дейді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова