Шымкенттік дәрігерлер қатты күйік шалған балаға 19 рет ота жасады

Шымкентте қатты күйіктен 19 ота жасатқан 10 жастағы баланың жағдайы жақсарып келеді,, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Алты айдан бері ауруханада жатқан бала теміржол төсенішінде ойнап жүріп, электр тогынан қатты күйік алып, зардап шеккен болатын. Оқиға 2022 жылғы 9 қарашада Шымкент қаласындағы теміржол вокзалының жанында болған еді.

Бүгінде дәрігерлер ауыр жағдайда жеткізілген науқасқа 13 рет теріні ауыстыру операциясын және некрэктомия жасады.

Денесі толық күйіп қалған бала шамамен 3 ай қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімшесінде болып, қазір палатаға ауыстырылған.

"Пациент ауруханаға 2022 жылғы 9 қарашада өте ауыр жағдайда түсті. Бала жағдайында күйік мөлшері үлкен, 65 пайыз болды. Біздің ауруханада күйікпен емделіп жатқан кез жағдайы жақсарды, - деді ол.
Ауруханадағы білікті дәрігерлер баланың сауығып кетуі және оң нәтижелерге қол жеткізуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!