"Калифорниядан 150 мың қызыл құрт сатып алған". Түркістандық кәсіпкер шылаушын өсіріп, табысқа кенелді

"Калифорниядан 150 мың қызыл құрт сатып алған". Түркістандық кәсіпкер шылаушын өсіріп, табысқа кенелді

Кәсіптің көзін табу деген осы: жетісайлық азамат шылаушын асырап кәсіп ашып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жетісайлық Қуанышбек Каюпов алғашында Калифорниядан 150 мың қызыл құрт сатып алып бастап, кейін соны көбейткен. Қазір оның шағын жер телімінде жиырма бес миллионнан астам шылаушын бар.

Биогумус табиғи тыңайтқышының литрін – 70 теңгеден саудалайды. Жәндікті асырау үшін кез-келген жануар мен құстың нәжісі жарамды.

Кәсіпкердің айтуынша, республикадағы 6 мыңға жуық шылаушын өсіріп нәпақасын тауып отырған жұмысшылардың 3 мыңнан астамы Түркістан облысының тұрғындары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы