Теміртауда жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді

Теміртауда жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді

Теміртауда көлік қағып кеткен 40 жастағы тұрғын оқиға орнында қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Оқиға кеше, 21 сәуірде 21:25 шамасында болған. Чернышевский көшесінің жаяу жүргіншілер өтуге болмайтын бөлігінен жолды қиып өткен жолаушыны көлік қағып кетті. Hyundai Cret маркалы автокөлікті 20 жастағы ер адам жүргізген", - деп жазылған хабарламада.

Жол апаты салдарынан 40 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болған.

Аталған дерек полицияда тіркелді және тиісті сараптамалар белгіленді. Сараптама қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова