Тұздың адам денсаулығына зиян екенін білесіз бе?

Адам денесіндегі артық тұз таңертеңгі ісікке ғана әкелмейді. Оны ұзақ уақыт мөлшерден тыс тұтынған адам деменция, альцгеймер, семіздік, жүрек-қан тамырларының зақымдануы секілді ауруларға шалдығуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігерлер тұзды мүмкіндігінше аз жеуге кеңес береді. Ересек адам үшін ұсынылатын максималды мөлшер күніне 5 грамм, бұл шамамен бір шай қасық.

Тұзды ұзақ уақыт көп мөлшерде пайдаланған адамдарда ісіну, бет терісінің нашарлауы, шаш пен тістің түсуі секілді мәселелердің туындайтынын ғалымдар ертеде-ақ дәлелдеген. Себебі, тұз натрий мен кальцидің қосындысы.

Жүрек- тамырларының зақымдануы

Тұзды көп жейтін адамдар әртүрлі жүрек-қан тамырлары ауруларынан зардап шегеді. Ал олардың арасында көшбасшы - жоғары қан қысымы. Натрий қанға енген кезде денедегі сұйықтықтың көлемі артып, қан тамырларының қысымы артады. 

Егер сіз осы аурумен ауыратын болсаңыз, онда инсульт алу қаупі 54 пайызға, ал жүректің ишемиялық ауруы 47 пайызға дейін артады. Ал жоғары қан қысымы жүрек жеткіліксіздігінің, жүрекшелердің фибрилляциясының және жүрек қақпақшаларының ауруларының қауіп факторы

Семіздікке алып келеді

Денедегі артық тұз ондағы суды сақтайды. Бастапқыда ісіну пайда болып, бұл таразыдағы сандардың өсуіне әкелуі мүмкін. Метаболизм баяулайды.

Семіздіктен зардап шегетіндердің көбі тұзды жақсы көретіндер. Семіздік көптеген басқа ауруларды қоздырып, эндокриндік жүйе әлсірейді. 

Болашақта деменция дамуы мүмкін

Қан тамырларының деменциясы егде жастағы адамдар арасында жиі кездесетін екінші когнитивті проблема. Тұзды асыра пайдаланған адамдарда деменцияның дәл осындай түрі дамуы мүмкін. 

Мысалы, ғалымдар тұзға шамадан тыс сүйіспеншілік танымдық функцияны айтарлықтай нашарлататынын, содан кейін альцгеймер ауруын қоздыратынын анықтады. Әсер ету механизмі қандай екендігі әлі белгісіз. Бірақ ғалымдар қартайған кезде әртүрлі нейродегенеративті ауруларға шалдықпау үшін тұзды тұтынуды азайту керек екеніне сенімді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!