Оралда ойын алаңында 7 жасар бала саусағынан айырылды

Оралда ойын алаңында 7 жасар бала саусағынан айырылды

Оралда ойын алаңында ойнап жүрген бала саусағынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

7 жасар баланың саусағы "Сарытау" ықшамауданындағы балалар алаңындағы сырғанақтың ағаш тақтайы мен темір қаңылтырының арасында қалып қойған. Оқиға туралы жергілікті қоғам қайраткері Бауыржан Ахметжан хабарлады. Оның айтуынша, оқиға орнына келгенде жұрт әткеншек астында саңылау пайда болғанын көрген.

"Әкімдік кінәлі деп санаймыз, олардың өз нысандарын бақылаусыз қалдырып, тіпті жөндеу жұмыстарын жүргізбеген. Ата-аналар да ойын алаңдарын мұқият тексермей, баласын ойнауға жіберген", - деді Бауыржан Ахметжан.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері баланың жағдайы орташа ауыр деп хабарлады. Баланың саусағын кесіп, дезартикуляциялау операциясы жасалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек