Оңтүстік Қазақстанда шетелдік ер адам терракт ұйымдастырмақ болған - ҰҚК

Биыл ҰҚК терроризмге қарсы бөлімшелері Оңтүстік Қазақстанда шетелдік ер адам қолдан жасалған жарылғыш құрылғысын қолдану арқылы әзірлеген террорист әрекетінің алдын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Астанада радикал дін ұстаған топтың 8 мүшесі террорист топ құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру, сонымен қатар, өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді.  

Осыған ұқсас деректер бойынша жалпы 19 адам ұсталып, тағы 4 қазақстандық әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. 

Бұл қауіптерге қарсы іс-қимылды жетілдіру аясында Терроризмге қарсы орталық 188 оқу-жаттығу өткізді. Құзыретті мемлекеттік органдардың күш-құрылымдарының террористік қатерлерді уақтылы анықтау мен терроризм актілерінің жолын кесу бойынша іс-қимылдарын бірлестіру жұмысы пысықталды. 

Жалған терроризмге қарсы іс-қимылды жетілдіру бойынша шаралар күшейтілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!