Cіз мұны білмей жүрсіз. iPhone қуатын қалай сақтауға болады?

Cіз мұны білмей жүрсіз. iPhone қуатын қалай сақтауға болады?
Фото: pixabay

iPhone қолданушысы басылымдардың біріне телефонының қуат сыйымдылығын бір жыл пайдаланып, қалай 100 пайыз деңгейінде сақтағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Ер адамның айтуынша, 5 ережені сақтау арқылы iPhone қуатының қызмет ету мерзімін ұзартқан.

"iPhone 13 Pro ұялы телефонын алғаныма 22 сәуірде бір жыл болады (кепілдік мерзімі аяқталады), ал оның қуат сыйымдылығы әлі де 100 пайыз. Бұл нәтижеге жету үшін сарапшылардың ұсыныстарын қолдандым:

- бірінші күннен бастап тек 20 Вт болатын түпнұсқа қуаттағышты қолдандым;
- әрқашан қуат деңгейін 40 пен 80 пайыз аралығында ұстадым;
- түнде ешқашан қуаттамаймын;
- қатты аязда мессенджерлерді пайдаланбадым;
- түпнұсқа телефон қаптама (чехол - еск.) қолдандым, оның көмегімен телефоным қызып кетпеді. Бары осы. Бір жыл ішінде сыйымдылығы бір пайызға да төмендеген жоқ!" - деді ол.

Ол сөзінің дәлелі ретінде скриншоттарды жариялаған.

Суреттер: сайт iPhones

Ал сарапшылардың пікірінше, iPhone қуаты ұзақ уақыт қызмет ету үші мынаны есте сақтау қажет:

- қуат толық таусылуына жол бермеу;
- қызып кетуден және салқындаудан сақтау;
- тек түпнұсқа қуаттағышты пайдалану;
- iPhone құрылғысын үш айда бір рет қуаты тауысылғанша қолдану;
- iPhone-ды қаптамасыз (чехолсыз - еск.) қуаттау.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова