"Адам жас кезінде жұбын таңдай алмайды". Роза Әлқожа қандай келін іздейтінін айтты

Танымал әнші Роза Әлқожа өзіне қандай келін іздейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "Ұйқым келмейді" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

Бағдарлама жүргізушісі Роза Әлқожаның ұлы Бейбарыс Қабадан "қашан үйленесің?" деп сұрады. Әншінің ұлы негізі отбасын құруға дайын екенін айтты. Ал әнші қандай келін қалайтынын бөлісті. 

"Енді мен қазір қыз көріп жүрмін. Қазақта күшті "қыз көру" деген дәстүр бар. Мен Барсқа (ұлы - еск.) "қазақ жылқы сияқты" деп айтамын. Адам бір жылқыны аларда да, оның тұқымына назар аударады. Бірақ адам жас кезінде жұбын таңдай алмайды. Сондықтан қазақтың бұрынғы дәстүрі дұрыс деп ойлаймын. Білетін жерден, өсіп-өнген жерден алған дұрыс. Өйткені ол тек баланың тағдыры емес, ол - менің үйімнің, немерелерімнің, менің тағдырым", - дейді өнер иесі. 

Роза Әлқожа баласына қандай өсиет айтатыны айтты. 

"Өз адамыңды таңдаған кезде де, кәсіп таңдаған кезде де қасыңда білімді, ақылды, көзқарасы сәйкес келетін адам іздейсің ғой. Үйлесім деген нәрсе болу керек. Сондықтан асықпа деймін", - дейді ол. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!