Елімізде кейбір ұялы телефондардан жедел-жәрдем қызметіне қоңыру шалу қиындаған

Кейінгі кезде ұялы телефон арқылы 101, 102, 103 нөмірлеріне хабарласу қиындаған. Құрылғы бірден 112, яғни құтқару қызметіне жіберетін жағдай жиілеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарағанды тұрғыны бұл жайтты бір жасар баласы қатты сырқаттанғанда байқаған. Әйел баласы тұншығып, көгере бастаған уақытта жедел 103 нөміріне хабарласып, дәрігер шақырғысы келген. Оның сөзінше, қоңырау құтқару қызметіне түскен. Ал олар қоңырау хабарламасын жедел-жәрдем қызметіне байланыстыра алмаған.

"Хабарласу мүмкін болмады, дегенмен, абырой болғанда, балаға көрсеткен алғашқы көмегім сәтті болып, аман алып қалдым дейді", - әйел.

Жедел-жәрдем қызметіндегілер бұл жағдай кейбір телефондардан болатынын айтады. Олардың микробағдарламасында 101, 102 және 103 секілді үш таңбалы нөмірлерге қоңырау шалу қарастырылмаған. Мұндай жағдайда байланыс операторлары "тоғызды" қосалқы нөмір ретінде қоса теруді ұсынды. Яғни, 9-101, 9-102, 9-103 сандарын теруге кеңес беріледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!