Тележүргізуші Динара Сәтжан сұхбат үшін қанша қаржы алатынын айтты

Тележүргізуші Динара Сәтжан сұхбат үшін қанша қаржы алатынын айтты

Тележүргізуші Динара Сәтжан сұхбат үшін қанша қаржы сұрайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "РЕВЮ" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті.

"Сұхбатқа 3 миллион теңге алатыным рас. Сайлау басталған кезде "Орталық сайлау комиссиясы" маған белгілі бір кандидатпен сұхбаттасу үшін "қанша ақша төлеу керек екенін айт, біз төлейміз" деген соң ғана біз сол соммаға келістік. Ал белгілі кәсіпкер, болмаса саясаткер немесе өнер иелерін өзім шақырамын және ешқандай ақша талап етпеймін. Ал егер танымал болғысы келетін адамдар болса, сол кісілер төлейді", - дейді Динара Сәтжан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы