"Жарылыстың дәлелі емес". Желіде Жаңаөзендегі жағдайдан кейін газ құбырын тексеріп жатқан видео тарады

"Жарылыстың дәлелі емес". Желіде Жаңаөзендегі жағдайдан кейін газ құбырын тексеріп жатқан видео тарады
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде 17 сәуірде Жаңаөзендегі 2-шағынауданы 51-үйдегі болған жарылысқа қатысты видео тарады. Видеода  мамандар және эксперттер жарылыс себебін анықтау мақсатында жер астындағы газ құбырын қазып, газ шығарып жатқаны бейнеленген. Маңғыстау облысы ТЖД өкілдері мамандар алып шыққан газ құбыры жарылыстың дәлелі емесін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Көрсетілген видео жарылыстың дәлелі емес екенін назарға саламыз. Қазір жүргізіліп жатқан жарылыс-техникалық сараптама бірнеше кезеңнен тұрады, тереңірек және егжей-тегжей зерттеу үшін жағдайды бағалау қажет", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, ведомство өкілдері қандай да бір жалған ақпарат жария етілген жағдайда ҚР Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Ведомство өкілдері қазақстандықтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.

Айта кетейік, оқиға 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде болған. Алдын ала болжам бойынша газ жарылғаны хабарланды. Ал салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.

Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзен қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, салдарынан 11 адам зардап шеккені хабарланған болатын. Сондай-ақ, құтқарылғандарды және медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда барлығы 8 адам ауруханаға жатқызылған еді. Ал кейін Жаңаөзендегі жарылыс кезінде зардап шеккендердің бірі жүкті әйел екені айтылды. Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзендегі жағдайға қатысты пікір білдірді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек