Танымал K-pop әртіс пәтерінен өлі табылды

Танымал K-pop әртіс пәтерінен өлі табылды

Astro кореялық K-pop тобының әншісі Мун Бин Сеулдегі пәтерінен өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы бірқатар БАҚ хабарлады. Әртісті менеджері кеше, 19 сәуірде сағат 20.10 шамасында Каннам-гу ауданындағы пәтерінен өлі жатқан күйі тапқан. Полиция болжамы бойынша, әртіс суицид жасаған болуы мүмкін. Әзірге қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. 

"ASTRO мүшесі Мун Бин бақилық болып, көктегі жұлдызға айналды. Қайғыра көңіл айтамыз", - делінген Fantagio агенттігінің мәлімдемесінде. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 판타지오 fantagio official (@fantagio_official)

Айта кетейік, Astro - оңтүстіккореялық бойзбенд. 2016 жылы құрылған. Топтың атауы испан тілінен аударғанда "жұлдыз" деген мағына береді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина