"Мектеп кезінен бастаған". 83 жастағы қария футбол ойнап жүр

83 жастағы Токио тұрғыны Муцухико Номура әлі күнге футбол ойнап жүр. Ол - Жапониядағы ең қарт футболшы, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар24" арнасына сілтеме жасап.

Ер адам 70 жылдан аса уақыт спортпен айналысады. Ол мектеп және университет құрамаларынан бастаған, содан кейін Ұлттық лигаға өткен. Жасына қарамастан, Муцухико әлі күнге өз қалпын сақтаған.

Оның сөзінше, спорт қуатын жоғалтпауға және аз ауыруға сеп болады. Ер адамды туыстары мен жақындары қолдайды, ал балалары мен немерелері бірге "доп ойнауға" келіп тұрады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!