Астанада және тағы 11 өңірде тұман, көктайғақ және үсікке байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 20 сәуірде Астанада және тағы 11 өңірде тұман, көктайғақ және үсікке байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қостанай облысының солтүстігі мен батысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман.

Қызылорда облысының орталығында, батысында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Жетісу облысының Алакөл көлдерінің аудандарында кей уақытта екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың басым бөлігінде 2-7 градус үсік сақталады. 

Батыс Қазақстан облысынының батысында, оңтүстігінде жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Атырау облысының батысында, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. 

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Астанада кей уақыттарда тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!