Меруерт Өтекешова "Қыз Жібектің" түсірілімі кезінде марқұм күйеуі сыйлаған гүлді сақтап жүр

Меруерт Өтекешова "Қыз Жібектің" түсірілімі кезінде марқұм күйеуі сыйлаған гүлді сақтап жүр

Театр және кино актрисасы Меруерт Өтекешова Jibek joly телеарнасындағы "Ел" бағдарламасында "Қыз Жібек" фильмінің түсірілім барысы және жолдасы Құман Тастанбеков туралы естеліктерін бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі turkistan.kz-ке сілтеме жасап.

Актриса "Қыз Жібек" фильміне мектеп бітіргеннен кейін, 17 жасында түскен. Фильмде басты рөлді сомдаған Құман Тастанбековпен отбасын құрды. Меруерт Өтекешова жолдасы Құман Тастанбековтің "Қыз Жібек" фильмінің түсірілімінде сыйлаған гүлін әлі күнге дейін сақтап жүр екен.

"Түсірілім арасында демалыс болады ғой. Маған үлкен гүл сыйлады. Далада көп өседі ғой. Кәдімгідей үлкен гүл. Соны мен қалай сақтағанымды білмеймін, сол гүл үйде бар Гүлге ұқсамайды, бірақ ол менің жанымда сақталды. Ол әр адамның қолынан келе бермейді. Құман өзі "Сен мынаны қалай сақтадың?" деп таңғалды. "Сені жақсы көргеннен кейін сақтадым" дедім, – дейді актриса.

Меруерт Өтекешова мен актер Құман Тастанбековтің Жібек, Томирис, Фараби есімді ұл-қыздары бар.

Актер, Халық артисі Құман Тастанбеков 2017 жылғы желтоқсанда өмірден өткен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан