Қарағанды обылысында су жаңа спортзал мен асхана опырылды

Қарағанды обылысында су жаңа спортзал мен асхана опырылды
Фото: Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысы Ағадыр кенті Әлімхан Ермеков атындағы мектеп аумағында салынып жатқан балалар спортзалы мен асханасының ғимараты қатты желге төтеп бере алмай опырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ғимараттың пайдалануға берілгенге дейін қирағаны балаларды апатты жағдайдан аман алып қалды", - деп жазылған видеоның сипаттамасында.

Құрылыс басқармасының басшысы Мұрат Мағзин бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Бұл жапсарлас құрылысты "Ер-Қанат Сервис" құрылыс компаниясы сала бастады. Шарт 2021 жылы жасалды. Бірақ бұл компания бірнеше рет жұмыс кестесінен артта қалды және нысанды тексеру барысында ереже бұзғаны анықталды. Жүк көтергіш қабырғалардың кірпіштерін бөлшектеу туралы бұйрық берілді, өйткені ол сметалық құжаттамада көрсетілген маркаға сәйкес келмейді. Бөлшектеу жұмыстары жүргізілді, видеодағы қаптаманың ішкі кірпіші болмағаннан опырылды", - деді құрылыс басқармасының басшысы Мұрат Мағзин.

Мердігермен шарт біржақты тәртіппен бұзылған. Сот талқылаулары жүргізіліп жатыр. Құрылысты аяқтау үшін байқау қайта жарияланып, жаңа мердігер анықталды. Құрылыс басқармасы құрылыс бақылауда болатынын және жұмыстардың орындалу сапасына үнемі тексеру жүргізілетінін атап өтті. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері тексеріс жүргізіп, кірпіштер жобаға сәйкес келмейтінін анықтады. Облыс әкіміне хат жолданып, құқықбұзушылықты жою туралы айтылды", - деді "Әділдік жолы" РҚБ Қарағанды филиалының басшысы Рустам Танышпеков.

Облыс бойынша "Әділдік жолы" РҚБ басшысы бірлескен іс-қимылдың арқасында адам шығынына әкелуі мүмкін ауыр зардаптардың алдын алу мүмкін болғанын айтады. Бұл мектеп-интернатта жалпы саны 450-ден аса адам жұмыс істейді және білім алады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек