12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

 Батыс Қазақстан облысында екі жас жігіт экспедиторды тонамақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарақшылық оқиға сәуір айының басында Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылында орын алған. Екі жас жігіт сауда компанияларының бірінің экспедиторына зорлық-зомбылық көрсетіп  1,8 миллион теңге салынған пакетті алып кеткен. 1990 жылы туған жәбірленушінің айтуынша, шабуыл жасағандар бетперде киіп, оның бетінен бірнеше рет ұрған.  Ақша салынған пакетті алған қарақшылар ВАЗ-2115 көлігіне отырып, бой тасалайды. Көп ұзамай 1996 және 1997 жылы туған күдіктілер ұсталды. Ер адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалып, ақшалары тәркіленді.

      Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 3-бөлігі - қарақшылық шабуыл бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айгерім ҒАЛЫМ

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы