"Каспий теңізінде қолтырауын жүр". Желіде тараған видео рас па?

"Каспий теңізінде қолтырауын жүр". Желіде тараған видео рас па?
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде теңізде жүрген қолтырауынды түсірген видео тарап жатыр. Желі қолданушылары бұл видео Каспий жағалауында түсірілген деп болжаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов ақпарат жалған екеніне сендірді.

"Видео Каспий теңізінде түсірілуі мүмкін емес. Өйткені қолтырауын тұщы суда өмір сүреді. Ол ауа райы жылы болатын Африка сияқты тропикалық және субтропикалық аймақтарда тіршілік етеді. Қолтырауындар біздің климатқа бейімделе алмайды. Сондықтан видеоны мұқият сараптағаннан кейін ақпарат жалған екеніне көз жеткіздік", - деді Ғаббас Досатов.

@user700716622

♬ оригинальный звук - user5834363624622

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова