Ақтөбе облысында ер адам қасқырды шынжырмен ұрып өлтірген

Ақтөбе облысының полицейлері әлеуметтік желілерді талдау барысында бейнежазбада қасқырды шынжырмен ұрып-соққан ер адамды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ырғыз ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері ауданның 37 жастағы тұрғынын анықтады. Ұсталған адам қасқыр оның малына шабуыл жасамақ болған, ол қасқырды мотоциклімен қуып жетіп, шынжырмен өлтіргенін түсіндірді.

Ауыл тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 316-бабы 3-бөлігіне сәйкес "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша соталды тергеу басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!