"Бос сандырақ". Даниал Ахметов өзіне "тиесілі" жерлер туралы сұраққа жауап берді

"Бос сандырақ". Даниал Ахметов өзіне "тиесілі" жерлер туралы сұраққа жауап берді
Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Мәжілістің экс-депутаты Берік Дүйсембиновтың "Өскемендегі жердің барлығы Даниал Ахметовтікі" деген сөзіне пікір білдірді. Оның айтуынша, мұның бәрі - бос сөз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді. Журналистер әкімнен экс-мәжіліс депутаты Берік Дүйсембиновтің "Өскемендегі жердің барлығы ШҚО әкіміне тиесілі" деген сөзін бос сандырақ деп атады.

"Бір депутат Өскемендегі жердің барлығы маған тиесілі екенін айтты. Бұл - бос сандырақ, басқа ештеңе емес. Ештеңе расталмады. Сондықтан менің баспасөз қызметім, жер қатынастары комитеті бұл сұраққа жан-жақты жауап берді", - деді Даниал Ахметов.

Еске салайық, аймақтардағы жер әкімдерге тиесілі деген мәлімдемені экс-депутат былтыр желтоқсанда айтқан болатын. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістерді талқылау барысында мәжілісмен Берік Дүйсембинов ауыл шаруашылығы министрі өз баяндамасында мемлекет меншігіне қайтарылған жерлердің қожайындарын ашық айтпағанын айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек