Оралда қоғамдық дәретханалар орнатуға бюджеттен 111 миллион теңге бөлінген

Оралда қоғамдық дәретханалар орнатуға бюджеттен 111 миллион теңге бөлінген
Фото: pixabay.com

Оралда қоғамдық дәретханаларды орнатуға бюджеттен 111 миллион теңге бөлінген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, алаңдар мен қаладағы саябақтарда барлығы 10 жаңа дәретхана пайда болады. Мұндай дәретханалардың құны - әрқайсы 5,3 миллион теңге, қалғаны инженерлік желілер - суды, жарықты, кәрізді жеткізуге арналған шығындар.

"Қалада қоғамдық әжетханалар жетіспейді. Былтыр "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында қала тұрғындары көп жиналатын орындарға - скверлер мен саябақтарға осындай дәретханаларды орнату бойынша көптеген ұсыныс айтылды. Ал 2023 жылы біз бұл мәселені шешкіміз келеді. Бюджеттен 110 миллион теңге бөлінді, бұл қаражатқа қалада 10 модульдік көше дәретханасы орнатылады", - дейді Орал қаласының ЖҮҚ ҚС бөлімінің басшысы Азамат Халелов. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина