Алматылықтар 20 сәуірде эвакуациялануы керек - ТЖД ескерту жасады

Алматыда 20 сәуірде жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сағат 11:00-де бүкіл қала бойынша сиреналар қосылады.

"Сейсмикалық жаттығуды бастамас бұрын чемодан дайындаңыз, қауіпсіз жерге эвакуациялау бағытын анықтаңыз. Қауіпсіз орын болып электр желілерінен, ағаштардан және ғимараттардан алыс орналасқан ашық алаңдар саналады. Сейсмикалық жаттығулар кезінде "Назар аударыңыз!" белгісін естіген кезде сабыр сақтаңыз, ғимараттан эвакуациялаңыз", - делінген Алматы ТЖД хабарламасында.

Мамандар төтенше жағдайларға дайындық адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі екенін атап өтті. 

"Барлықтарыңыздан сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуларыңызды сұраймыз!", - Алматы қаласы ТЖД хабарламасында. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!