Жағдайды ушықтырып алуымыз мүмкін - Тоқаев қаңғыбас иттер туралы

Жағдайды ушықтырып алуымыз мүмкін - Тоқаев қаңғыбас иттер туралы
Фото: alau.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көшелердегі қаңғыбас иттер мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президенттің сөзінше, көптеген облыстан тұрғындар қаңғыбас иттеріне қатысты шағымданады екен.

"Бірақ жергілікті билік өкілдері заңды сылтауратып шара қолданбай отыра береді. Бірақ бұлай жүре берсек жағдайды ушықтырып алуымыз мүмкін. Иә, жануарларға мейіріммен қарауымыз керек, бірақ адамдарға, балаларға қатысты агрессияға жол бермеу керек. Қаңғыбас иттерден зардап шеккендер саны артып келеді. Бұған жол бермеу керек. Шара қабылдаңыздар", - деді Тоқаев. 

Еске салайық, бұған дейін қаңғыбас иттер ақтаулықтардың есін шығарғанын хабарлаған болатынбыз. Қаңғыбас иттер көшені еркін кезіп жүр. Бұл жергілікті тұрғындардың есін шығарған.

"Қаңғыбас иттерді бақылайтын біреу бар ма? Осы аптада "Волна" базарының маңында иттер баланы қауып алды. Соңы өлім болатын жағдайды күтіп отырмыз ба?", - дейді жергілікті тұрғын Светлана. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина