Аяқ пен қолға мән беріңіз. Тамыр хирургы жүрек ауруының 5 белгісін атады

Аяқ пен қолға мән беріңіз. Тамыр хирургы жүрек ауруының 5 белгісін атады
Фото: myseldon.com

Біздің денемізде қанды оттегімен қанықтыруға, оны дененің барлық мүшелері мен жасушаларына жеткізуге көмектесетін әртүрлі мөлшердегі үлкен және күрделі тамырлар жүйесі бар.

Жүрек - қанды үлкен және кіші тамырлар арқылы денеге таратады. Бұл жүйеде ақау болса әл-ауқатыңызға қатты әсер етеді, өйткені қан айналымы проблемалары жүрек денсаулығына тікелей байланысты.

"Кейбір адамдар үшін қан айналымы проблемалары тамырлардың тарылуын білдіреді. Сонымен қатар, дұрыс емес қан айналымы қан ұйығыштарының пайда болуын тудыруы мүмкін, бұл инсульт пен инфарктқа әкеледі", - дейді тамыр хирургы, профессор Алан Дэвис.

Қан ағымы дұрыс жұмыс істемейтінін қалай түсінуге болады? Мұны келесі белгілер көрсетуі мүмкін.

Аяқ пен қолдағы түктің түсуі

Бұл симптом әдеттен тыс, оған кейбір әйелдер қуануы мүмкін. Дегенмен бұл жерде сақ болу керек дейді профессор. Түк белсенді түрде түсе бастағанда, бұл шаш фолликулының жеткілікті қоректенбейтінін білдіреді. Бұған қан айналымының нашарлығы кінәлі болуы мүмкін. Мәселе еленбесе, тромбоз сияқты денсаулыққа қауіпті салдарлар дамиды.

Аяқтағы жазылмайтын жаралар

Қан айналымы бұзылған кезде дене өз функцияларын дұрыс орындай алмайды. Оның қалпына келуі қиын болуы мүмкін, сондықтан аяқта жазылмайтын жаралар пайда болады.

"Жара жиі аяқтың төменгі жағында пайда болады, ал олардың кейбіреулері ауырсынуды тудырмайды, сондықтан адамдар алаңдайтын ештеңе жоқ деп ойлайды. Есіңізде болсын: ұзақ уақыт бойы пайда болған және кетпейтін кез келген жараны маман тексеруі керек", - дейді тамыр хирургы.

Асқазан проблемалары

Кейде келесі белгілер:

• іш ауруы;

• нәжіс проблемалары;

• асқазандағы ауырсыну;

• нәжістегі қан.

Әрине, бастапқыда асқазан-ішек жолдары ауруын тексеру керек. Бірақ егер гастроэнтеролог пен онколог ештеңе таппаса, онда бұл жерде қан ағымын тексеру қажет.

Жиі бас айналу

Сіз түсініксіз бас айналуды сезінесіз бе, тепе-теңдікті жоғалтасыз ба? Оған қоса, біртүрлі ұмытшақтық болды ма?

"Ми қажетті мөлшерде қан мен оттегін алмайды. Осыған байланысты бас ауруы, әлсіздік, есте сақтау проблемалары пайда болады", - дейді ол.

Жыл бойы жылымайтын аяқ пен қолдар

Жылы бөлмеде де аяқ-қолы мұздайтындар бар. Сонымен қатар, егер сіз ваннадан, бір шыны ыстық шайдан кейін немесе жылы көрпе астында жатып жылый алмасаңыз, өте сақ болуыңыз керек. Сірә, сізде қан айналымы проблемалары бар және олардың қалай аяқталатыны мүлдем анық емес - кардиологтың кеңесіне жазылуды ұмытпаңыз.

Т. Раушанұлы