"Бөлек тұрамыз". Әли Оқапов жеке өмірі туралы айтты

Танымал әнші Әли Оқапов әйелі, баласымен бірге анасы Роза Рымбаевадан бөлек тұрады. Ол бұл туралы Айгүл Мүкейге берген сұхбатында "Без прикрас" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің сөзінше, жарының өнер саласында қызмет етуі міндетті шарт болмаған. Сондай-ақ, ол отбасымен анасынан бөлек тұратынын айтты.

"Анам маған ешқашан шектеу қоймаған, ұлтына байланысты да, шығу тегі бойынша да, қызмет саласы бойынша да. Бастысы өз адамың болуы керек. ...Біз бөлек тұрамыз. Мен баяғыда көшіп кеткенмін. 7-8 жыл бұрын. Анам "бөлек шығатын уақытың келген сияқты, үлкенсің, әртіссің, гастрольдерің бар" деді. Ұзақ уақыт жалғыз тұрдым. Іштей басында белгілі бір уақытқа бірге тұруға да қарсы болмадым. Көршіміз, бір тұрғын үй кешенінде тұрамыз, бірақ кіреберіс, пәтер әртүрлі. Бірақ қазір анам күн сайын бізде. Ақеркенің анасы Атырауда тұрады. Ол да жиі келіп тұрады. Үш отбасы байланыстамыз", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Әли Оқапов эксклюзив сұхбат беріп, ұлының есімін Зейін деп өзі қойғанын айтқан еді. Кейін Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай ұлдарының бесік тойынан отбасылық суреттер жариялаған болатын. Сондай-ақ, Әли Оқапов балалы болу қандай сезім екенін бөлісті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!