Қазақстан кімге және қанша қарыз?

Қазақстан кімге және қанша қарыз?
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның мемлекеттің борышы 54 миллиард доллардан немесе 25 триллион теңгеден асады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаржы министрлігі мәліметінше, бұл мемлекеттік қарыз сомасы 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан. Ведомство бұл соманың 47 миллиард доллары немесе 22 триллион теңгеден астамы үкіметтік қарыз екенін нақтылады. Оның ішінде сыртқы қарыз 7 триллион теңгеден асады (16 миллиард доллардан аса).

Ал Үкімет борышының басым бөлігі, яғни 14 триллион теңгеден астамы - ішкі борыш.

Ведомство мәліметіне сәйкес, ішкі борыштың басым бөлігін, яғни 10,9 триллион теңгеден астамын мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер құрайды. 1,2 триллион теңгеден астамы - мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер. Сондай-ақ, 1 триллион теңгеден астамы - мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақ қазынашылық міндеттемелері. 814 миллиард теңге TONIA мөлшерлемесіне индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерге сай келеді.

Сыртқы үкіметтік қарыз

Сыртқы үкіметтік қарыздың жалпы көлемінің көп бөлігі - халықаралық қаржы ұйымдарының несиесі. Олардың ішінде Халықаралық қайта құру және даму банкіне 1,6 триллион теңге, Еуропалық қайта құру және даму банкіне 54 миллиард теңгеден астам, Азия даму банкі және Ислам даму банкіне 908 миллиард теңгеден астам және 38 миллиард теңгеден астам қарыз. Азиялық инфрақұрылымдық инвестиция банкіне қарызы 326 миллиард теңгеден асады. Қытай Халық Республикасының экспорттық-импорттық банкіне 56,8 миллиард теңгеден асса, шетелдік коммерциялық банктерге 92,5 миллиард теңгеден асады.

Ресей нарығында орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздар 514 миллиард теңгеден асады.

Сыртқы үкіметтік қарызға шетелдік коммерциялық банктердің, шет мемлекеттердің үкіметтік ұйымдарының қарыздары кіреді. Олардың ішінде Араб экономикалық дамуының Кувейт қорына 852 миллиард теңгеден аса қарыз, жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігіне 115 миллиард теңгеден аса қарыз және Германия үкіметінің несие агенттігіне үш миллиард теңгеден астам қарыз.

Қаржы министрлігінің болжамы бойынша мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімнің 30 пайызынан аспауға тиіс. Ол үшін ведомство жоспарлы жұмыс жүргізеді. Қаржы министрі Жамаубаевтың айтуынша, мемлекеттік қарыз мәселесі олар үшін негізгі мәселе саналады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова