Астана тұрғыны айдап әкеткен көлікпен жол апатына түсіп мерт болды

Астана тұрғыны айдап әкеткен көлікпен жол апатына түсіп мерт болды

Астанада 18 сәуір Subaru автомашинасының жүргізушісі Тілендиев даңғылымен жүріп келе жатып, рөлге ие бола алмай, ілеспе бағытта келе жатқан Howo жүк көлігімен соқтығысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жол апаты салдарынан Subaru жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Тексеру барысында Subaru автокөлігінің айдап әкетілгені анықталды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан