Астанада балаларының көзінше жүкті әйелін ұрған ер адам 10 тәулікке қамалды

Астанада балаларының көзінше жүкті әйелін ұрған ер адам 10 тәулікке қамалды
Фото: polisia.kz

Астана тұрғыны балаларының көзінше жүкті әйелін ұрғаны үшін 10 тәулікке қамалды. Ол жұбайын бұған дейін де ұрғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, астананың 36 жастағы тұрғынынан оны жұбайы ұрып-соққаны туралы шағым түскен.

42 жастағы ер адам үйінде кәмелетке толмаған екі баланың көзінше жұбайына қатысты балағат сөздер айтып, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, оны ұрып-соққаны анықталды.

"Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан