Петропавлда зейнеткер 5-қабаттан құлап мерт болды

Петропавлда зейнеткер 5-қабаттан құлап мерт болды
Фото: vesti.kz

Петропавлда зейнеткер 5-қабаттан құлап мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

18 сәуір Петропавл полиция басқармасының кезекші бөліміне Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі үйдің терезесінен 5-қабаттан 67 жастағы әйел құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Қазір істің мән-жайларын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан