Суретіңізді әлеуметтік желіде біреу пайдаланса не істеу керек? Заңгер кеңес берді

Технология дамыған заманда өмірді гаджеттерсіз және әлеуметтік желілерсіз елестету қиын. Олардың пайдалы тұстары бар. Алайда әлеуметтік желілерде түрлі мақсатта біреудің суретін немсе видеосын пайдаланатын да адамдар аз емес. Егер біреу сіздің суретіңізді немесе видеоңызды пайдаланып жүргенін байқап қалсаңыз, бұл кезде не істей аласыз? Бұл сұраққа заңгер Дүйсенғали Мухамедияр Нұрғалиұлы өзінің инстаграм парақшасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Заңгердің айтуынша, сіз ол адамға арыз жазып, фото немесе видеоны өшірте аласыз.

"Егер сіздің фото немесе видеоңызды біреулер пайдаланып, оны ақпараттық желіге салған болса, бұған заң қалай қарайды? Бұл жерде саспау керек. Яғни, Азаматтық кодексінің 145-бабының талаптарына сәйкес сіздің фото немесе видеоңызды сіздің рұқсатыңызсыз ешкімге пайдалануға құқығы жоқ! Бұл Азаматтық құқық кодексінің 145-бабының талаптарына сәйкес талап арыз жазып, ол фото немесе видеоны өшіртіп, және сізге келтірілген моральді залалды өндіруге мүмкіндігіңіз бар", - дейді заңгер Мухамедияр Нұрғалиұлы видеода.

Ажырасқан кезде ипотекаға алынған пәтер кімде қалады? Мына жерден оқыңыз.